Өзге ғаламшарлардағы Күннің батуы – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Өзге ғаламшарлардағы Күннің батуы

04.07.2020, 16:00

369 0

Kyzylorda-news.kz.Күннің батуы – ғажап құбылыс. Кеш құрым аспан әр түрлі түске боялып, Күн батысқа қарай батады. NASA ғарыш агенттігі өзге ғаламшарларда Күн қалай бататынын жасап көрді. Күн сәулесі әр планетаның қашық орналасқаны мен атмосфераға әсер етуіне байланысты әртүрлі болады.

Күн сәулесі атмосферадағы молекулалармен соқтығысып, жан-жаққа ыдырайды. Жерде бұл құбылыстың әсерінен аспан көк түске боялады. Ал Уранда Күн сәулесі сутегі, гелий және метанмен өзара әрекеттеседі. Сол себепті аспан қанық көкшіл болып көрінеді екен.

Марста атмосферадағы шаң Күн сәулесінің көк түсін жұтып қоятындықтан, сәуле қоңыр түстен ашық көк рең алады екен.

Төмендегі видеодан өзге ғаламшарлардағы Күннің батуын тамашалауға болады.

massaget.kz

0

Пікір қалдыру