Kyzylorda-news.kz. Цифрландыру саласының ірі және маңызды жобасының бірі – «Өңірлік геоақпараттық жүйе». Бұл жүйе өткен жылы тәжірибеге енгізілді. Жоба мақсаты – жер қатынастары, құрылыс және қала құрылысы қызметтерін автоматтандыруға бағытталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Юлия Тремасова кеңірек тоқталды.

Жаңадан құрылған геопортал базасында «i-Orda» («i-Qala») порталының модулі бар. Онда техникалық шарттар беру, шарттар жасасу, қосу, пломбалау, есепке алу аспаптарын орнату және ауыстыруға өтінімдерді орындау секілді 74 қызмет түрі автоматтандырылады.

Өңірлік геоақпараттық жүйеде облысқа қарасты 9 медициналық ұйымның «Медициналық куәландырудың электрондық жүйесі» енгізілді. Сондай-ақ 7 стационарлық «Аркан» жылдамдық өлшегіші орнатылды. Басқарма басшысы Юлия Тремасованың айтуынша, оларды пайдалануға берген сәттен бастап 30171 бұзушылық тіркеліп, 317 млн. теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың бұлтты құжат айналымына көшуі бойынша да жұмыстар атқарылды. Бүгінде бұл айналымға 308 жергілікті атқарушы орган, 3554 пайдаланушы қосылған.


Тағы да оқыңыз: