«Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесі құрылады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

«Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесі құрылады

05.02.2021, 17:20

480 0

Kyzylorda-news.kz. Отандық өнеркәсіпті дамыту мақсатында арнайы қор құрылып, ақпараттық жүйе іске қосылады.

Бүгін Мәжілісте индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов өнеркәсіп саясаты туралы заң жобасын таныстырды. Ведомство өкілі атап өткендей, өнеркәсіпті дамыту қоры саланы ынталандыру тетіктерін ұсынатын оператор ретінде қызмет атқармақ. Қажет қаржыны қор мемлекеттік бюджеттен бөлек, өндірушілер мен импорттаушылар және өзге де мемлекеттік емес ресурстардан тартатын болады.

Ал «Өнеркәсіп» атты ақпараттық жүйе саланың жай-күйі, даму болашағы және мемлекеттік ынталандыру шараларына қатысты мәліметтерді қамтымақ. Жүйенің өзі ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқаруында болады.

Хабар 24

0

Пікір қалдыру