Kyzylorda-news.kz. Қызылорда обылысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халық үшін аса маңызды нысандар жекешелендірілмейтінін баса айтты.

Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын қайта қаралды.

Қызылорда облысында жекешелендірудің Кешенді жоспарына сәйкес бәсекелестік ортаға беруге жататын 13 нысан енгізілген. Өткен жылы сауда-саттыққа 9 объект көзделіп, 3 нысан сатылды.

Комиссия отырысының қорытындысымен Жекешелендірудің кешенді жоспарына ұсынылған түзетулер қаралып, аймақтағы 4 нысанды жекешелендіру тізбесінен алып тастау мақұлданды.

Стратегиялық нысандар жекешелендірілмеу керек. «Қызылорда Су жүйесі», «Қызылорда жылуэлектрорталығы», «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» секілді маңызды нысандар жекешелендірілмейді. Бұл нысандар мемлекеттік меншікте болуы керек. Кезінде «Су жүйесі» мекемесін 70 млн. теңгеге сатып, кейін қайта сатып алған болатынбыз. Себебі қала лас суға толып, мекеме халықты ауыз сумен қамтамасыз ете алмады. Қайтадан жекешелендіруге бергеніміз дұрыс емес, міндетті түрде өзімізде болуы тиіс. Мәдени нысандар мен демалыс паркі де мемлекеттің меншігінде болады. Сондықтан бұл бағытта халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Тағы да оқыңыз: