Kyzylorda-news.kz. Қала тұрғындары Қызылжарма және Қызылорда жер асты су кені арқылы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда күнделікті 61 ұңғыма арқылы тәулігіне 71,6 мың текше метр ауыз су өндіріліп тұтынушыға таратылуда.

Дегенмен, тұтыну көлемі ауа-райының ысуы мен бақшалықты суарудың нәтижесінде суды пайдалану көлемі 60 мың текше метрге артқан. Осы орайда Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қызылорда су жүйесі» МКК директорының орынбасары Нұрлан Өтепов қала тұрғындарын ауыз суды үнемді пайдалануға шақырды.

«Сонымен қатар, бүгінге дейін тұрғындардың қарызы 624 млн теңге, заңды тұлғалардың берешегі 59 млн теңге. Ал «Су жүйесі» мекемесінің қызметкерлерге қарызы 65 млн теңгені құрап отыр», – деді Н.Өтепов.

Жалпы, кәсіпорында барлығы 1157 адам жұмыс атқарады. Бүгінгі күнге кәсіпорын 82 294 тұтынушыға қызмет көрсетеді. Негізгі қызметіне кіретін нысандар олар бас су жинау кешені, 974,3 шақырым ауыз су жүйелері, 67 кәріздік насос станциясы, биологиялық тазарту станциясының 2 кешені, 107 бірлік жер асты ауыз су ұңғымалары, 11 бірлік II-ші су көтеру насос станциясы, судың қысымын көтеруге арналған 6 бірлік насос станциясы халыққа қызмет көрсетеді.

Тағы да оқыңыз: