Kyzylorda-news.kz. Ресейдің Л.Пастер атындағы эпидемиология және микробиология институтының директоры Арег Тотолян не себепті кейбір адамдар коронавирус жұқтырмайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Оның сөзінше, кей адамдардың ағзасы коронавирусқа төтеп бере алады. Оған себеп – генетикадағы өзгешеліктер, адам денесіндегі альфа интерферондары мен қандағы лимфоциттердің жоғары мөлшері.

“Мамандарды адам ағзасы әлдеқандай вирусқа қалай төтеп береді деген сұрақ қызықтырып келеді. Бұл тұрғыда коронавирус та бар. Альфа интерферонының жоғары деңгейі, қандағы лимфоциттердің жоғары мөлшері мен белгілі бір генетикалық маркерлері өзгеше адамдардың ағзасында қорғаныс қабілеті басымдылыққа ие. Басқа факторлар да бар, бірақ біз оларды толығымен зерттеген жоқпыз”, – дейді ғалым.

Оның сөзінше, мұндай қорғаныс жасушалары вирус ағзаға енген күннен бастап онымен күресе бастайды.

“Егер денеде иммундық жүйенің жасушалары синтездейтін және шығаратын альфа интерферонының деңгейі жоғары болса, онда инфекция қаупі төмендейді. Альфа интерферонының препарат ретінде бар екені бекер емес, ол респираторлық вирустық инфекциялардың емі мен алдын алу үшін қолданылады. Коронавирус жағдайында ол жасушаға әлі енбеген вирустық бөлшектерді бейтараптандыруға атсалысады”, – деп қосты ғалым.

Бұған қоса, ол коронавируспен ауырған науқастар міндетті түрде ағзасын қайта қалпына келтіру керек екенін алға тартты.

Тағы да оқыңыз: