Шамалған – Алматы облысы, Қарасау ауданында орналасқан шағын ауыл. Нұрсұлтан Назарбаев осындағы Қарасай батыр атындағы орта мектепте оқыған.

“Қарасай – президенттің сегізінші атасы, Әбіштің жетінші атасы. Президент 2007 жылы келгенде: “Қарасай менің нешінші атам?” – деп сұрады. “Қарасай – сіздің сегізінші атаңыз”, – дедім. Кейін бұл сұрақты неге қойды деп көп ойландым.

“Мынаның бәрін жасағанда соны біле ме, білмей ме?” – деп қойды ма екен? Қонаев музейінің директорынан сұрасам, ол “Жоқ”, – дейді. “Елдің көбі Қарасай болмаған”, – деп жүр. Ол “Келген ел тыңдасын, Қарасай болған”, – деген оймен айтты ғой деп ойлаймын. Кім білсін, әйтеуір Президент солай сұрады менен. Президенттің ата-анасы өте еңбекқор адам болған. Әбіш өте еңбекқор еді, бригадир болған. Сталиннен алған бұл кісінің арнайы грамотасы бар. Сөзшең, жиын тойда өлең айтатын өнері болған. Ал анасы өте көңілді, суырып салма ақын еді. Президентке ақындық өнер нағашы жағынан қонған. Бір той бұл кісілерсіз өтпеген. Сондай еңбекқор адамдар еді, Нұрсұлтан әке-шешесінің тәрбиесін көрді”, – дейді Рымкеш апа. туған ауылына сапар шегіп, біраз ақпаратқа қанықты.

Ал елбасының сыныптасы, Қарасай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубек Қасенбекұлының сөзінше, Президентті мектеп кезінде бәрі “Сұлтан” деп атаған.

“Нұрсұлтан өзінің адамды үйіріп алып кететін қабілетінің арқасында кез келген ортамен танысып кете алатын қасиетін көрсетті. Нұрсұлтан бізге келгеннен кейін бір жарым айдан кейін үздік болып шыға келді. Бұл кез келген адамның қолынан келе бермейді. Қазан айында бірауыздан Нұрсұлтанды комсомол комитетінің кеңесшісі етіп тағайындадық. Өйткені ұйымдастыру қабілеті күшті еді, өзі бесаспап, әртүрлі саладан хабары бар болатын. Біздің кезімізде кітап оқығыштар, спорттың түр-түрімен айналысатындар және көркем өнермен айналысуға құштарлар деп бөлінетінбіз. Нұрсұлтан сабақты өте жақсы оқыды, бұрынғы мектептен келгенде барлық сабағы 5 болып келді. Ол кезде мектепте пионер ұйымы, комсомол ұйымы болатын. Ал комсомолға барлығын ала бермейтін, тәртібі жақсы, кімнің ұйымдастыру қабілеті бар, сабағы үздіктерді ғана алатын. Сөйтіп Нұрсұлтанды бір жарым айдың ішінде комсомолдың мүшесі етіп сайладық. Оны “Сұлтан” деп айтатынбыз. Қыздардың бәрі Сұлтанға ғашық, өйткені үздік қой, сабақ сұрау керек. Содан соң Сұлтанның тағы ір жақсы қасиеті – ол ешқашан жанжалға бармайтын. Қанша тәуекелшіл болса да басын дауға аралстырмайтын, бәрін бейбіт жолмен шешуге тырысатын”, – дейді Сайлаубек ата.

Today.kz

Тағы да оқыңыз: