Наурыздың соңына қарай ауа температурасы төмендейді – Kyzylorda News
Басты бет

Наурыздың соңына қарай ауа температурасы төмендейді

26.03.2021, 11:00

177 0

Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 27-29 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазақстан аумағының үстінде біріккен Жерорта және Солтүстік-Батыс циклондары елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашын тудырады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын байқалады. 29 наурызға қарай ауа температурасы төмендейді деп күтілуде», – делінген хабарламада.

0

Пікір қалдыру