Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус індетіне байланысты Қазақстан халқына үндеуі дер кезінде жасалған маңызды және мақсатты бастама деп санаймын.

Үндеу мемлекет мүддесі мен ел азаматтарының денсаулығын қорғау үшін және індеттің алдын алуға бағытталған кешенді шараларды қамтиды.

Коронавирус індетінің күннен-күнге өршуі адам өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, әлем экономикасының құлдырауына әкеліп соғуы мүмкін.

Сондықтан, әлемге, елімізге төніп тұрған үлкен қауіп-қатерге қарсы тұрып, осындай қиын сәтті бір ел, бір қоғам болып, бірге өткеруге және Мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл әрі нақты шараларды қолдауға шақырамын.

Бұл мақсатта Сыр өңірінде азық-түлік пен ең қажетті тауарлардың, медициналық мақсатқа арналған заттардың тапшылығына жол бермеу үшін қолдан келер барлық көмегімді көрсетемін. Бұл мақсатта қорғаныс бетперделері мен жергілікті тұрғындар арасында коронавирус індетінің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндірме жадынамаларын әзірлеуге де өз қолдауымды білдірдім.
Осындай, ел басына күн туған сәтте індетпен күресу үшін отандық кәсіпкерлер мен ірі кәсіпорындар да Елбасы бастамасына қолдау көрсетеді деп сенемін.

Мұрат СӘРСЕНБАЕВ, «Абай Дәулет» ЖШС директоры

Тағы да оқыңыз: