Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қабақ Смағұл мен Тілеуберген Тобабергеновтерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтады.

Аудан басшысы алдымен Бекарыстан би ауылындағы Қабақ Смағұлдың отбасына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат тарту етті. 

«Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі» деген дана халық. Сұрапыл соғыстағы майдангерлердің көрсеткен жаужүрек ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иеді. Отан үшін кеудесін оққа тосып, бейбіт өмір сыйлаған сіздерге алғыс білдіреміз. Сіздердің елді қорғау жолында атқарған ерліктеріңізді үлгі тұтып, кейінгі ұрпаққа насихаттап жүруді басты парызымыз санаймыз», - деді Мұхтар Әуесұлы. 

Бұдан кейін Мұхтар Әуесұлы Әйтеке би кентінде тұратын соғыс ардагері Тілеуберген Тобабергеновке аудан әкімінің құттықтау хатын беріп, мерекелік сыйлықтар табыс етті.

Майдангер қарияларды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов та мерекелерімен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.

Ал соғыс ардагерлері ел үшін шайқасқан майдангерлерге әрдайым құрмет көрсетіп, әлеуметтік тұрғыда қолдау білдіріп жатқан аудан басшыларына ризашылығын білдірді.

Тағы да оқыңыз: