Kyzylorda-news.kz. Бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға күтім жасап отырған жандарға алдағы уақытта жәрдемақы берілуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша 24 мыңдай азамат қаржылай қолдауға ие болмақ. Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында осы бағыттағы заң жобасы таныстырылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов 7-ден 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлуді ұсынды. Сол кезде жеткіншектердің жәрдемақысы да ұлғаймақ. Мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекпен қамтыған кезде 2023 жылдан бастап жұмыс берушілер үшін өтемақы жарналары енгізілмек. Бұл қаржы жұмыс берушілердің шығынын субсидиялауға, мүгедектігі бар адамдарды оқытуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, мүгедектігі бар баланы күту кезеңін 16 емес, 18 жасқа дейін ұзарту ұсынылып отыр.

Тағы да оқыңыз: