Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 163 млрд теңге жәрдемақы төленді – Kyzylorda News
Басты бет

Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 163 млрд теңге жәрдемақы төленді

21.06.2021, 11:00

491 0

Kyzylorda-news.kz. 2021 жылғы қаңтар-мамыр айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 128,8 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына 34,4 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

1 маусымдағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 528 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 171 мың адамды құрайды.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушысының асырауындағы адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

1 маусымдағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 49 338 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 865 теңгені құрады.

0

Пікір қалдыру