Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы аумағында мотоцикл құралдарының қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың жолын кесу, оның ішінде мас жүргізушілерді анықтау мақсатында шілде айының 13-17 күндері аралығында  «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.    

Іс-шараның 1 күнінде мотокөлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы 57 дерегі анықталды. Оның ішінде 4 мотокөлік иесі түнгі тыныштықты бұзған. 1 техникалық ақауы бар мотокөлік, 1 заңсыз қайта жабдықталған, 5 міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген, 11 мотошлем пайдалану жөніндегі талаптарды бұзған, 3 маневр жасау қағидаларын бұзған, 1 авариялық жағдай туғызған, 10 жүргізуші тиісті құжатсыз мотокөлік басқарған. 1 тұрғын мас күйінде мотокөлік басқарған, 13 мотокөлік айып алаңдарына қойылған.

Тағы да оқыңыз: