Министр Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті – Kyzylorda News
Басты бет

Министр Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті

31.08.2021, 12:00

244 0

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желіде жазды.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтқан болатын.

«Қазіргі уақытта басты мақсатым – апаттың салдарын тез арада жою. Ал сіздерді отставка мәселесі қызықтыратын болса, онда мен осы хабарды естігеннен кейін бірінші минутта өзім үшін шешім қабылдадым. Мен отставкаға өтініш беремін, отсавкаға жіберуін сұраймын. Ал қалғанын жоғарғы басшылық шешеді», – деді Нұрлан Ермекбаев.

0

Пікір қалдыру