Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Мұз айдыны» спорт кешенінде облыс əкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай мемлекеттік жəне ведомство қызметкерлері арасында спартакиаданың марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Рафхат Бисенов пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов қатысты.

Биыл 26-шы мәрте ұйымдастырылған дүбірлі бәсекеге 37 команда, 1000-нан аса мемлекеттік қызметкер спорттың 9 түрінен сынға түсіп, бұқаралық спортты дамытуға өз үлестерін қосты.

Нəтижесінде жалпы командалық есепте 1-топ бойынша облыстық полиция департаментінің командасы бірінші орынды жеңіп алса, білім басқармасы екінші, төтенше жағдайлар департаменті үшінші орындарды иеленді.

2-топ бойынша мемлекеттік кірістер департаменті спартакиада жеңімпазы атанды. 2-орынды ақпараттық технологиялар орталығы, 3-орынды облыстық сот командалары еншіледі.

Спорттың әр түрінен жеңіске жеткен және жүлдегер атанған командаларға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының естелік сыйлықтары, дипломдары берілсе, жалпы есепте жеңіске ие болған командалар ауыспалы кубок, дипломдармен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: