Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі қоғамдық кеңесте талқыланды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі қоғамдық кеңесте талқыланды

16.01.2020, 12:20

392 0

Kyzylorda-news.kz. Кеңес отырысында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мен қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері қозғалды.

Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Нұрман Талқанбаев облыстық қоғамдық кеңестің отырысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жай-күйін баяндады.

«Бүгінгі күні Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында 2020 жылдың соңына дейін 90 пайыздан кем емес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанға көшіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қызылорда облысында соңғы 3 жылда электрондық түрде көрсетілген қызметтердің үлесі 50 пайызға артып, 90 пайызды құрады. Бұл дегеніміз, халыққа электрондық қызметтерді ұсыну бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілгендігінің белгісі», – деді Нұрман Талқанбаев.

Қазіргі таңда Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі қызметтердің 80,9 пайызы электрондық нысанға көшірілген. Тізілімдегі 723 қызметтің 586-сы электрондық түрде, 137-сі қағаз түрінде көрсетілуде.

 «2019 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңнамалары талаптарының сақталуына 53 тексеру жүргіздік. Нәтижесімен 32206 заңбұзушылық анықталды. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 5 есе артып отыр. Заңбұзушылықтардың басым бөлігі, нақтырақ айтқанда 21187 заңбұзушылық ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді сұратуға қатысты орын алған. Сондай-ақ, 7036 рет стандартта көзделмеген құжаттар талап етілсе, 3692 рет қызмет көрсету тәртібі бұзылған» – деді департамент басшысы.

Нұрман Талқанбаев облыстық қоғамдық кеңес мүшелеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мен заңбұзушылықтарды болдырмау мақсатында тиісті органдарға бірқатар ұсыныстар енгізуді алға тартты.

0

Пікір қалдыру