Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» шарасы өтті.
Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұстаздары мен экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша бітіруші курс студенттері қатысты.
Бұл шара «Салық төлеушілерді мемлекеттік кірістер органдарының қызметі туралы уақтылы және сапалы хабардар ету туралы» облыстық жол картасының және аймағымыздағы іргелі оқу орындарының бірі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетімен жасалған меморандум аясында ұйымдастырылып отыр.
«Ашық есік күні» шарасы барысында Басқарманың құрылымдық бөлімдерінің басшылары атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасап, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібімен және атқарылған жұмыстармен таныстырды. Шараға қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берді.
Басқарма басшысы Берік Ниеталиев Жол картасы аясында атқарылған жұмыстарды баяндап, өзекті мәселелер мен жаңалықтарды айтып өтті.
Университеттің Экономика және құқық институтының аға оқытушысы Гүлдана Таңатова өткізілген шараның маңыздылығына тоқталып, Басқарма басшылығына алғысын білдірді.
Шара барысында студенттерге меншігінде қандай салық салу объектілері тіркелгендігін анықтап, банк бөлімшесіне бармай-ақ, комиссиясыз мерзімінде салығын төлей алу мүмкіндігі бар «Е-Salyq Azamat» мобилдік қосымшасы жүктеліп, оның тиімділігі түсіндірілді.
Айта кету керек, жыл басынан бері Қызылорда қаласында 38788 тұлға «Е-Salyq Azamat» мобилдік қосымшасы жүктеп, пайдаланып отыр. Ал, «Е-Salyq Business» мобильді қосымшасын 7809 бизнес субъектілері игілігіне пайдалануда.

