Мемлекет басшысы «Қалаулым» жобасына қатысты тапсырма берді – Kyzylorda News
Басты бет

Мемлекет басшысы «Қалаулым» жобасына қатысты тапсырма берді

28.03.2020, 14:30

1160 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан халқымыздың менталитетіне сай келмейтін бағдарламаларға қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кеткенін мәлім етті. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан халқымыздың менталитетіне сай келмейтін, қазақтың салт-дәстүріне, ұлттық болмысымызға қайшы, шығыстық қалпымызға сәйкес емес «Қалаулым», «Қалауым сен» атты бағдарламаларға қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кетті. Азаматтар әлеуметтік желілерде қол жинап, бағдарламалардың жабылуын талап етіп, БАҚ беттерінде түрлі сыни мақалалар жарияланып жатыр.

Мемлекет басшысы аталған бағдарламаларға қатысты қоғамның ұстанымын біледі. Соған сәйкес тапсырма берілді. Халықтың пікірі ескеріліп, арналардың да саясатына нұқсан келтірмей тиісті шешім шығарылады», – деді Берік Уәли.