Kyzylorda-news.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы” жарлыққа өзгеріс енгізу туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Квазимемлекеттік сектор саласында компаниялар құруға байланысты мораторий тағы бір жылға, яғни 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылады.
- әлеуметтік салада қызмет ететін немесе облыста елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ететін заңды тұлғалар;
- жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларды қайта құру негізінде, оңтайландыру аясында пайда болған заңды тұлғалар;
- жарғылық капиталында квазимемлекеттік сектор субъектілеріне дауыс беру акцияларының елу проценттен кем емес үлесі тиесілі акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектелген серіктестіктер);
- Қазақстан президенті тапсырмасымен немесе келісуімен құрылған заңды тұлғалар.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін президент экономиканы мемлекет меншігінен одан әрі алу ісі нақты бәсекелестікті дамытуда және әр кәсіпкерге шын мәнінде тең мүмкіндік беруде маңызды рөл атқаратынын айтты.
“Біз мемлекеттің экономикаға араласу үлесін айтарлықтай азайту үшін біртіндеп жағдай жасаймыз. Биыл квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға жарияланған мораторий аяқталады. Бұл бағыттағы мақсатқа әлі толық қол жеткізілген жоқ деп санаймын. Сондықтан менің жарлығыммен аталған мораторий келесі жылдың аяғына дейін созылады”, – деп атап өтті Тоқаев “Алтын сапа” конкурсының жеңімпаздарын құттықтау кезінде.
Мемлекеттің экономикаға араласу үлесін азайту жұмыстары толық аяқталмағандықтан квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға жарияланған мораторий келесі жылдың аяғына дейін ұзартылып отыр.