Kyzylorda-news.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың құқығын, денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа білім беріп, дамыту басты мақсат екенін атап өтті.

Бүгін әлем балалар күнін атап өтетінін еске салған президент басымдыққа ие мақсат-міндеттерді де нақтылай түскен.

​”Бүгін бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді. Балалардың құқығын, денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа білім беріп, дамыту – біздің басты мақсатымыз. Біз Қазақстандағы барлық балалардың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек. Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет”, – деп жазды президент Twitter-парақшасында.

Тағы да оқыңыз: