Фото: ашық дереккөз

Kyzylorda-news.kz  “Меломен” тобының әншісі некесінің сәтсіз аяқталғанына қатысты алғаш рет пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ғабит Бибасыұлы өзіне қатысты даулы жағдайға пікір білдіріп, бұрынғы әйеліне үндеу жасады.

“Осындай тап-таза, нұрлы кезің болғанда бұлай сөйлемес едің ғой. Аман бол! Енді ісім психолог, коуч сымақтармен болады", – деп жазды өнер иесі.

Өнер иесінің әріптестері жаппай қолдап, сабырға шақырып жатыр.

“Біз жаныңдамыз, досым”, “Барлығы өтеді де, кетеді”, “Сен сияқты әйелге қамқор болатын азамат аз”, “Әйелдің өзінен шығар. Біресе хиджаб, біресе тюрбан тағып, кім боларын білмей жүр”, “Тиран еркекті жақтаушылар көп екен”, “1-2 рет дастархандас болдым. Ғабит досым керемет адам”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

Еске салайық, “Бес жыл таяқ жедім” деген блогер ару әншіге қатысты тың деректі бөліскен еді.

Тағы да оқыңыз: