Медициналық оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы көбейеді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Медициналық оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы көбейеді

25.02.2021, 15:40

521 0

Kyzylorda-news.kz. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-ші отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі медициналық оқу орындарында оқитын студенттердің шәкіртақысын көбейту керектігін айтты.

“Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің стипендиясын көтеру туралы шешім қабылдадық. Бұл қадам өз жемісін берді. Сондықтан медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет”, – деді Тоқаев.

Президент шәкіртақы көлемінің нақты неше есе көбейетінін ашып айтпады.

0

Пікір қалдыру