Мамырда зейнетақы көтеріледі ме? – Kyzylorda News
Басты бет

Мамырда зейнетақы көтеріледі ме?

10.04.2021, 15:00

543 0

Kyzylorda-news.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақыға үстемеақы қосылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазды stopfake.kz.

Қазақстандықтар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мамыр айында барлық зейнеткер зейнетақыға 40 мың теңге мөлшерінде үстемеақы алатыны туралы хабарламаны таратып жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде мамыр айынан бастап зейнетақыға 40 мың теңге мөлшерінде жаңадан үстемеақы төленетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы заңнамада зейнетақыға үстемеақы мен қосымша ақы төлеу қарастырылмаған», – деп түсіндірді ведомство.

Қазіргі кезде зейнетақы үш бөліктен тұрады: базалық, ортақ және жинақтаушы зейнетақы.

Қазақстан Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес ынтымақты зейнетақының мөлшерін қолайлы деңгейде ұстап тұру үшін олардың мөлшері инфляция деңгейінен екі пайызға оза отырып, жыл сайын индекстеледі. Базалық зейнетақы мөлшері де жыл сайын инфляция деңгейіне көтеріледі.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы 7%-ке өсті, 1 сәуірден бастап қосымша тағы 5%-ке индекстелді. Сондай-ақ базалық зейнетақы мөлшері де екі рет көтерілді. Оның өсімі 2019 жылмен салыстырғанда 10%-ті құрады.2021 жылдың басынан бері ынтымақты зейнетақы 7%-ке, базалық зейнетақы 5%-ке өсті.

Министрлік фейк хабарламаларға назар аудармауға және тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырады.Сондай-ақ, ведомство жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланатынын еске салды.

0

Пікір қалдыру