Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағыЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен «Жауапты азаматтық қоғамды қалыптастыру» тақырыбында «Қазақстан жастарының фракциясы» қоғамдық қорының заңгер кеңесшілері Э.Тойлыбекова, А.Әнуар кездесу өткізді.

Кездесу барысында заңгер мамандар  қатысушыларға,  құқықтық кеңес беріп, сұрақтарына жауап берді. 

«Сотталған азаматтар әр түрлі сұрақтарымен жүгінді. Сотталған азаматтың  қоғамдық қор ашуына болама деп сұрақ қойса, келесі азамат жаза мерзімін өтеу барысы туралы сұрағын қойды. Бұған дейін де «Қазақстан жастарының фракциясы» қоғамдық қорымен бірлесіп, сотталғандарға психологиялық көмек көрсетіліп, спорттық шара өткіздік. Соның ішінде ерекше көзге түсіп, белсенділік танытқан  13 азамат «Қазақстан жастарының фракциясы» қоғамдық қорының сертификатын  иеленді. Алдағы уақытта да сала мамандарымен жиі кездесулер өткізілетін болады»,- деді  САӘПТЖБ-нің босатылатын сотталғандарды тұрмысқа және жұмысқа орналастыру жөніндегі аға инспекторы Д.Бектұрсын.

Тағы да оқыңыз: