Kyzylorda-news.kz. ХҚКО жексенбі күні тек Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келген көліктерді уақытша тіркеумен айналысады, деп хабарлайды informburo.

1 ақпаннан бастап Қазақстанның барлық өңіріндегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары демалыссыз, 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Орталықтар мұндай жұмыс кестесіне уақытша тіркелуі тиіс көліктерді рәсімдеу үшін көшті. Тиісінше, жексенбіде тек ЕЭО елдерінен келген көліктерді уақытша тіркейтін болады.

“Бұл жұмыс тәртібі ақпан айынан кейін жалғасатыны не жалғаспайтыны әзірге белгісіз. Өйткені, біз қызмет көрсеткенмен, негізгі жұмысты ішкі істер органдары атқарады”, – деп хабарлады “Азаматтарға арналған үкімет” МК баспасөз қызметі.

Ресми мәлімет бойынша, елімізде тіркеусіз жүрген шетелдік көліктердің саны 200 мыңға жуық.

Айта кетейік, 24 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения, Ресей, Қырғызстаннан әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеуді тапсырған болатын. ІІМ мұндай көліктерге “18” таңбалы сары нөмірлер беретінін хабарлады.

Тағы да оқыңыз: