Мәжіліс депутаты Гүлшара Әбдіқалықованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды – Kyzylorda News
Басты бет

Мәжіліс депутаты Гүлшара Әбдіқалықованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

01.04.2020, 10:40

699 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Гүлшара Әбдіқалықованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«Біздің әріптесіміз Гүлшара Наушақызы осыған дейін үлкен қызмет жолынан өтті. Көптеген лауызымды жұмыстарды абыроймен атқарды. Сондықтан әріптесіміз жаңа қызметте де қасиетті Қызылорда облысының дамуы үшін аянбай еңбек етеді деп сенеміз. Осы жерде ерекше айту керек, егемен еліміз тарихында алғаш рет әйел адам облыс әкімі болып тағайындалды. Бүгін белгілі себептермен Гүлшара Наушақызы жалпы отырысқа қатыса алмады. Оны өздеріңіз түсініп отырған боларсыздар. Қазіргі жағдайда облыс әкімі ретінде жұмысын бастап, өңірдің маңызды мәселелерін шешуге кірісіп кетті. Сондықтан осы өте жауапты жұмысында зор табыстар тілейміз»,- деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.