МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесін қалай білуге болады? – Kyzylorda News
Басты бет

МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесін қалай білуге болады?

06.01.2020, 15:20

537 0

Kyzylorda-news.kz. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде мәртебені қалай тексеруге болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халық міндетті түрде білуі керек жайттар бар. Бірінші кезекте сақтандырылу мәртебесін тексеріп алу керек. Осы жылдың наурыз айының соңына дейін барлық азаматтар медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде сақтандырылған болып саналады, бірақ соған қарамастан әркім өзінің сақтандырылу мәртебесін тексеріп алуы керек. Егер азамат сақтандырылмаған болып шықса, банк жасап шығарған төлем терминалдары арқылы жүйеге жылдам кіруге болатын тетіктер бар», – дейді Айбатыр Жұмағұлов.

Сонымен қатар, ол сақтандырылу мәртебесін Telegram-бот арқылы анықтауға болатынын айтты.

0

Пікір қалдыру