Kyzylorda-news.kz. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына, жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жері мен табысына қарамастан медициналық және фармацевтикалық көмекке тең қолжетімділікті кепілдік береді. Жарналардың болуы міндетті болып табылады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Абылайхан Рахымов кімге және қандай сомаға төлеу керектігін толық ақпарат берді.

Жалдамалы жұмысшы

Төлемді жұмыс берушінің бухгалтериясы жарналарды есептеу объектісінің 2% – ы және еңбекке ақы төлеу қорының 2% – ы мөлшерінде жүргізеді;

Жарнаны екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшесі немесе Қазпошта арқылы келесі шотқа аудару қажет:

KZ92009MEDS368609103

БСН 160440007161

BSK GCVPKZ2A

Жұмыс берушілердің жарналары үшін төлем мақсаттарының коды – 121.

Егер егер қызметкер 15 жеңілдікті санаттардың біріне жататын болса, онда ол үшін аударым жасаудың қажеті жоқ.

Жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат, кәсіби медиатор, шаруа қожалығының иесі

Ай сайынғы сома бекітілген және 2021 жылы 2 975 теңгені құрайды – 1,4 ең төменгі жалақының 5%.

Жұмыс берушілердің жарналары үшін төлем мақсаттарының коды – 121.

ЖК төлем мақсатының коды: 122

Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға

АҚС бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғаның табысынан жарналарды ұстап қалады және көрсетілетін қызметті алушы (салық агенті) аударады.

2021 жылы – келісімшарт бойынша алынған кірістің 2%.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (Бірыңғай әлеуметтік төлемдер төлеушілер)

2021 жылы жарна сомасы 1 АЕК немесе 2917 теңгені құрайды – қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін, басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін – 0,5 АЕК немесе 1459 теңге.

БЖТ-ны әрбір ай үшін бөлек төлеу қажет.

Дербес төлеуші (тұрақты табысы жоқ және азаматтардың жеңілдікті санаттарының тізіміне енгізілмеген жеке тұлға)

1 ЕТЖ – нің 5% (2021 жылы 2125 теңге, өйткені ЕТЖ мөлшері өзгерген жоқ);

Төлем мақсатының коды: 122

Сіз жарналарды төлеу екінші деңгейдегі банктер және олардың интернет-сервистері, Kaspi.kz, Halyk Bank мобильді қосымшалары, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, төлем терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.), медициналық ұйымдардағы төлем терминалдары арқылы аудара аласыз.

Алушының ЖСН мен аты-жөнін дұрыс көрсету, 2-3 жұмыс күні ішінде қаражаттың қайтарылуын тексеру маңызды.

Тағы да оқыңыз: