МӘМС: Қызылорда облысындағы медициналық ұйымдарға 16 млрд теңгеден астам қаржы төленді – Kyzylorda News
Басты бет

МӘМС: Қызылорда облысындағы медициналық ұйымдарға 16 млрд теңгеден астам қаржы төленді

29.04.2020, 18:20

611 0

Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша медициналық ұйымдарына 16,1 млрд теңге төленді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі хабарлады.

Аталған қаржыландыруды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін медициналық қызметтер үшін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жүзеге асырады.

16,1 млрд теңгенің 12,9 млрд теңгесі тегін медициналық көмектің кепілдік көлеміне берілген, 3,2 млрд теңгесі МӘМС аясындағы қызметтерге бөлінген.

2020 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалымен 55 медициналық қызмет көрсетушілермен келісім-шарт жасалды, оның ішінде – 28 мемлекеттік медициналық ұйым (50,9%), 27 жеке меншік (49,1%).

Барлығы 57 257 829,96 мың теңгеге шарттар жасалды, оның ішінде 41 286 878, 62 млн.теңге (72,2%) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, 15 970 951,34 мың теңге (27,8%) МӘМС қаржысы құрайды.