Kyzylorda-news.kz. Өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле отырып, мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін ай сайын жарналар төлейді. Қызылорда облысында олардың қатарына 470 мыңға жуық тұрғын кіреді.

Егер сіз әлеуметтік қорғалмаған азаматтар қатарында болсаңыз және сіздің мәртебеңіз «сақтандырылмаған» болса, емханада (тіркелген жері бойынша) немесе өз бетіңізше, Qoldau – 24/7 мобильді қосымшасы арқылы уақытша мәртебені (1 айға) алуға болады. Бұл қосымшаны ұялы телефонға AppStore-дан жүктеуге болады.

МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңізді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтынан анықтауға болады.

Тағы да оқыңыз: