Kyzylorda-news.kz. 12 сәуір Ғарышкерлер күніне орай, ЗК-169/1 мекемесінің қызметкерлері Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне барып,  жәдігерлермен танысты.

Мекеме қызметкерлерін  музейдің  қызметкері Ұлпан Шаған «Байқоңыр ғарыш айлағы»  экспонаттары қойылған  бөлмесіне бастап апарып, әлемнің тұңғыш ғарышкері  Ю.Гагариннің өмір жолы туралы қысқаша баяндап, ғарышкердің скафандрымен түскен суреттерін көрсетті.Сонымен қатар, қазақ арасынан аспан әлеміне тұңғыш ұшып, онда  7 күн 22 сағат  болып, әртүрлі зерттеулер жасаған Т.Әубәкіров жайында айтты. Бұдан кейінгі, ғарышқа 3рет ұшып, барлығы 342 күн болған Т.Мұсабаев туралы да  деректерді танып білді.

«Тәуелсіз еліміздің тарихында ойып тұрып орын алған бұл ұлы тұлғалардың  азаматтық тұлғасы, бүгінгі ұрпақ біздер үшін үлгі-өнеге. Бұндай іс-шаралар,жеке құрам қызметкерлерінің бойында, өлке тарихына  деген қызығушылығын арттырып, патриотық сезімдерін оятады», -деді кадр саясат тобының қызметкері М.Тұрымбетов.

Тағы да оқыңыз: