Kyzylorda-news.kz. Бүгін VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясы өтті. Оған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Мемлекет басшысы Парламенттің бірінші сессиясында құрамы жаңарған жаңа Мәжіліс депутаттарымен кездесіп, оларға заң қабылдау аясында жемісті жұмыс жасау қажет екенін айтты. Ең бастысы халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға басымдық беру керектігіне тоқталып өтті.

«Ел-жұртымыз егемендігіміздің төртінші онжылдығына қадам басар тұста бұрын болмаған жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Біз ғана емес, күллі дүниежүзі мүлде жаңа дәуірге бет бұрды. Өркениеттің даму жолы мен әлемдік құрылымның түп негізі түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Алдымызда сынақтар мен сын-қатерлер аз болмайды. Дегенмен, барлығымыздың ең басты міндетіміз – пандемияның салдарын еңсеру. ХХІ ғасырдың жиырма бірінші жылы барша адамзат үшін бетбұрыс кезеңіне айналмақ. Бұл жыл алдағы онжылдықтың басты бағдарын айқындайды. Мұндай күрделі жағдайда уақыттан ұтылуға және бір сәтке де босаңсуға болмайды. Жылдың басында сайлау өткізу арқылы қиындықтармен күресіп қана қоймай, жаңғыруға жол ашып, жаңа серпінге ие болдық», – дей келе Президент бірнеше өзекті мәселелерді көтерді.

Маңызды қадамдардың бірі – еліміздің заңнама жүйесін кешенді түрде жетілдіру керектігін айтты. Соның ішінде сапалы заңдар қабылдау және өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналу. Осы орайда Мемлекет басшысы халық қалаулыларына деген үміт, сенімін білдірді.

Люба МАХМУРЗАЕВА,

Сырдария аудандық

санэпидемиялогиялық стансасының маманы,

шешен этносының өкілі

Тағы да оқыңыз: