Kyzylorda-news.kz. Алматыда 28 жастағы әйел үш баласымен тұрғын үйдің 9-қабатынан секіріп қаза болды. Куәгерлер оқиға қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде болды. Марқұммен көрші тұрған ер адам оқиға туралы айтып берді.

“Мен оқиғаны көрмедім, бірақ көршілер әйел алдымен үш баланы терезеден лақтырып, кейін өзі секіргенін айтты. Мен бұл отбасымен іс жүзінде сөйлескен емеспін, олармен амандаспаймыз да. Өз алдына жүрген отбасы. 8-ші қабаттағы көршім олардың үстінен шағымданып жүретінін білетінмін”, – деді ер адам.

Әйелдің тағы бір көршісі қайғылы оқиға күндізгі бірлер шамасында болғанын айтты.

“Үш пен жеті жас аралығындағы үш бала жерде жатты. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалуға тырысты, өкінішке қарай, екеуі сол жерде қаза болды. Балалар жалаңаш болды, тіпті олардың біреуінде шалбары да болмады. Мұны көргенде жүрегім ауырды. Ата-ана баласының өміріне осылай қарауы сұмдық”, – дейді оқиға куәгері Назар Рефан.

Төмендегі қабатта тұратын әйел де көршісімен мүлде араласпағанын айтты.

“Оларды шынымен ешкім танымайтын. Осындай жас келіншек өмірден өткені өкінішті”, – дейді ол.

Тағы да оқыңыз: