Kyzylorda-news.kz. Қалада коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу үшін ескі қабірлер қазылып, орын босатылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бразилияның Сан-Паулу қаласында коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу үшін ескі қабірлер қазылып, орын босатылып жатыр.
Жергілікті билік осылайша індеттен қайтқандарды жерлейтін жаңа жер әзірлеуге кірісті. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 3 жыл бұрын жерленген мәйіттердің денесі эксгумацияланып жатыр. Марқұмдардың сүйектері басқа жерге көшірілмек. Билік өкілдерінің айтуынша, жер тапшылығынан осындай қадамға баруға тура келді.
Айта кетейік, Бразилияда коронавирус дертінен бір күнде 4 мыңға жуық адам бақилық болды. Соңғы тәулікте 75 мыңнан астам адам індет ілмегіне ілінген. Қазір елдің ірі штаттарында локдаун жарияланды. Ал мамандар жағдайдың ушығуына жол бермеу керек деп дабыл қағуда.