Коронавирустан көз жұмған үшінші қазақстандық 62 жаста болған – Kyzylorda News
Басты бет

Коронавирустан көз жұмған үшінші қазақстандық 62 жаста болған

01.04.2020, 15:20

695 0

Kyzylorda-news.kz. Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адам Теміртауда нотариус болып жұмыс істеген. 

Ер адам 30 наурызда Қарағандыда қалалық ауруханаға түсті, госпитализация кезінде оған екі жақты пневмония және тыныс алу жеткіліксіздігі диагнозы қойылған. Науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның жағдайы біртіндеп нашарлаған. Өлім бүгін таңертеңгі 7:00-де тіркелді.

«Науқас емханаға түскеннен кейін, коронавирусқа сынақ тапсырды. Коронавирус індеті ер адам қайтыс болғаннан кейін расталды. Оған дейін науқас ауруханаға жүгінбеген», – деді Қарағанды ​​облысы денсаулық сақтау департаментінің қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі Бибігүл Төлегенова.

Сапаны бақылау бөлімінің бастығы Қанат Асқаров қазір дәрігерлер коронавирустан қайтыс болған адамдармен байланыс шеңберін құрғандар анықталғанын атап өтті.

Оның айтуынша, 36 адам – ​​жақын байланыста болған, олар қазір анықталды. Ал ықтимал байланысы барлар – 20 адам.

Еске сала кетейік, осы уақытқа дейін елімізде коронавирус инфекциясынан үшінші науқастын қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.