Коронавирусқа шалдыққан қызылордалық екінші тұрғынның медбике екені анықталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Коронавирусқа шалдыққан қызылордалық екінші тұрғынның медбике екені анықталды

29.03.2020, 12:30

1396 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирусты инфекцияға шалдыққан екінші тұрғынның аталған вирусты қалай жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мен облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді. 

«Қазіргі таңда 1А категориясы елдерінен келген 32 адам карантиндік бақылауда. Оның ішінде, 9-ы стационарда, 23-і үй жағдайында. Бұған қоса, 1Б елдерінен келген 94 адам карантиндік бақылауда. Оның 12-і стационарда, 82 үй жағдайында. Сондай-ақ, мамандандырылған 2 эпидбригада ошақтары жұмыс жасауда», – деді Әлия Мүтәліпқызы.

Брифинг барысында облысымыздағы коронавирустық инфекцияға шалдыққан екінші науқас туралы мән-жай да баяндалды.

«Облысымыздағы коронавирустық инфекция жұқтырудың екінші жағдайы 1997 жылы туылған Қызылорда қаласының «Ақмешіт» шағын ауданы тұрғынынан анықталды. Ол – «Сенім» емханасының медбикесі болып жұмыс жасаған. Медбике кеше анықталған науқасқа ем-шара жасап, бақылағандығын ескеру керек. Науқастың қазіргі жағдай қанағаттанарлық, ыстығы жоқ, тыныс алу жолдары қалыпты, жөтелмейді», – деді Жақсылық Абдусаметов.

Еске сала кетейік, бүгін Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияға шалдығудың екінші жағдайы тіркелгенін хабарлаған болатынбыз.

0

Пікір қалдыру