Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар саны 6-ға жетті – Kyzylorda News
Басты бет

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар саны 6-ға жетті

14.03.2020, 11:53

725 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Біреуі – 1958 жылы туған ер адам. Жеке кәсіпкер. Ол Алматыға Мәскеуден 10 наурызда ұшып келген. Қазіргі таңда карантинде жатыр.

Сонымен қатар, елордада тағы бір науқас тіркелді. Әйел адам. Ол Варшава-Нұр-Сұлтан ұшағымен ұшып келген.

Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған қазақстандықтар саны 6-ға жетті. Оның 4-еуі алматыда, 2-еуі Нұр-Сұлтан қаласында.