Kyzylorda-news.kz.  Қазақстанда тағы жеті адамнан коронавирус табылды, оның біреуі Қостанай облысында тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

“3 сəуір сағат 18:10-дағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 7 адам тіркелді, олардың ішінде Шығыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 2, Түркістан облысы – 3, Қостанай облысы – 1”, – делінген хабарламада.

Осылайша, Қазақстанда осы уақытқа дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адам тіркелмеген жалғыз өңір – Қостанай облысында да бұл қауіпті індет анықталып отыр.

Тағы да оқыңыз: