Kyzylorda-news.kz. Коронавирус инфекциясына байланысты алдағы екі аптада қазақстандықтар шұғыл тестілеуден өткізіледі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.

“Таяуда екі апта ішінде коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтау мақсатында халықты шұғыл тестілеуден өткізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жауапты органдар мен ведомстволар коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мәселесін бақылауға алды. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болғандар ПТР-диагностикасы (полимеразды тізбек реакциясы) арқылы тексеріліп жатыр. Олар – вирус жұқтырғандардың отбасы мүшелері, жұмыстағы әріптестері, ұшақта болған адамдар. Шұғыл тестілеу тек ұлттық сараптама орталығында жүргізіледі”, – деді С. Қисықова.

Айта кетейік, соңғы ресми деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 53 адамға жетті.

Тағы да оқыңыз: