Kyzylorda-news.kz. Эпидемияның аяқталуы екі процеске байланысты болады.

Бұл туралы Биология ғылымдарының докторы, GMU жүйелік биология мектебінің (АҚШ) профессоры Анча Баранова айтты, деп хабарлады РИА Новости.

«Эпидемияның аяқталуы – екі процесс. Оның бірі – бұл вирустың эволюциясы. Вирустың жаңа қожайыны, яғни оны жұқтырған адам вирусты әлсіретеді. Біз оны басқа вирустардан да, коронавирустан да байқадық. Демек, вирус адамнан адамға жұққанда әлсірейді. Бұл вирус қазір бізге бейімделуде. Бірақ оның қанша уақытқа созылатыны белгісіз», – деді маман.

Оның айтуынша, екінші процесс – адамдардың иммунитеті арқылы, яғни табиғи вакцинация процесінің жүруі.

Тағы да оқыңыз: