Kyzylorda-news.kz. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қазақстандықтар коронавирусты жұқтырғаны расталған жағдайлары туралы мәлімдемесінен кейін халық арасында алаңдаушылық айтарлықтай өсті. Бұрын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Бірыңғай байланыс орталығына күніне шамамен 1500-2000 қоңырау келіп түсетін болса, ал қазір олардың саны 3 есеге артқан.

Қазақстандық дәрігерлер осындай маңызды кезеңде ағзаны мүмкін болып қалатын инфекция жұқтырудан сақтану және алдын-алу үшін барлық шараларды қабылдау қажеттігін ескертеді.

1406 байланыс орталығының операторлары халыққа денсаулығын нығайту және өзінің ағзасын қорғау, күдікті симптомдар байқалғанда әрекеттер жасау бойынша кеңес беру дайндығынан өтті.

«Байланыс орталығы қажетті алдын-алу шаралары және вирустан қорғану бойынша кеңес беру үшін жұмыс істейді. Операторлар сонымен бірге сырқатталып қалған кезде қайда бару керектігін, қандай белгілерге назар аудару керектігін, қайда талдауларды (анализдерді) тапсыруға болатындығын түсіндіреді. Үкімет пен уәкілетті органдар қабылдап жатқан шаралар халықты қорғауға бағытталған. Алайда, қоғамдық орындарға бару денсаулыққа қауіп төндіреді екенін саналы азаматтар түсінуі керек», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирусқа байланысты кез келген сұрақтарды 1406 операторларына Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы да жолдауға болады.

Өтінішке тіркеу нөмірі беріледі, содан кейін сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізде оның мәртебесін тексере аласыз.

Тағы да оқыңыз: