Коронавирус: 25-ші науқас – Жаңақорған ауданында анықталған – Kyzylorda News
Басты бет

Коронавирус: 25-ші науқас – Жаңақорған ауданында анықталған

01.04.2020, 16:45

959 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус жұқтырудың тағы 1 оқиғасы тіркеліп, жалпы саны 25 науқасқа жетті. Бұл туралы өңірлік коммункикациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны 25 адамға жетті. Қазіргі күні анықталған 25-ші науқас – 28 жастағы ер адам, Жаңақорған ауданының тұрғыны. Ол осы ауданда алдында анықталған науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан оқшауланған болатын. Бүгінде жағдайы қанағаттанарлық. Жалпы, облысымызда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста, байланыста болған 485 адам анықталды. Оның 133 – карантиндік стационарда, 302 – үй карантинінде жатыр», – деді Жақсылық Абдусаметов.

Басқарма басшысының айтуынша, облысымызда коронавирус инфекциясын жұқтырған 25 науқастың барлығы қазіргі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр.