Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласына жұмыс сапарымен Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ким Хынг Су, сондай-ақ делегация құрамында Кореяның вице-консулы Хван Гю Тэ келді. Консул Кореяның Халық Қаһарманы Хон Бом До мемориалдық кешеніне барып, Хон Бом До мен Ге Бон У ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Биыл корей халқының даңқты батыры Хом Бом Додың туғанына 152 жыл толды. Өз елінің нағыз патриоты, аты аңызға айналған тарихи тұлға, ол құрған әскерлер жапон басқыншыларына қарсы соғысып, кейінірек Ресейдің Қиыр Шығысында Кеңес өкіметін орнатуға қатысты.

1937 жылы Хон Бом До корей этносының басқа өкілдерімен бірге Қиыр Шығыстан Қызылордаға жер аударылды. 1943 жылы қайтыс болып, Қызылордаға жерленді. Қазіргі уақытта қалада «Хон Бом До» мемориалдық кешені, батыр атындағы қор және көше бар.

Сондай-ақ, Корея консулы Ким Хынг Су ағымдағы айда 5 жасқа толатын Қызылорда Достық үйінде болып, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы тарихындағы маңызды оқиғаларды бейнелейтін фотогалереямен танысты.

Консул «Қазақстан корейлері қауымдастығы» облыстық қоғамдық бірлестігінің кабинетінде болып, оның төрағасы Елена Ким корей этносының фотосуреттерін, тұрмыстық заттарын және корей тіліндегі кітаптарын көрсетті.

Сондай-ақ, Корея консулының сапар бағдарламасында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Хангыль Хаккё» орталығының корей тілі оқытушылары мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімовамен кездесу жоспарланған.

Тағы да оқыңыз: