Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан көші-қон қызметі саласымен жалпы 69 мыңнан астам  мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның  66 мың  электронды түрде,  ал 2 мың қағаз түрінде.

      Мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы адамдарды, көп балалы аналарды, мүгедектерді құжаттандыру үшін көші-қон қызметінің және Азаматтарға арналған үкімет үйініңарнайы тұрғылықты жері бойынша үйлеріне баратын мобильді топтың жұмысы ұйымдастырылып, жалғасуда.

      Бүгінгі күнге мобильді топтарымен барлығы 1 мың 800-ден астам облыс тұрғындары құжаттандырылып, оларға дайын құжаттары табысталды.  

      Есепті мерзімде Қызылорда ОПД жалпы 69 мың 387-мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

      Мысалы: ҚР азаматтарына паспорттар және жеке куәліктерін беру-59 мың 750;   

      Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту-4314;

      ҚР-да уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу-2800;

      ҚР-ның азаматтығын алуды және одан шығаруды тіркеу-21;

      ҚР тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды рәсімдеу-36;

      Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру-45;

      Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру-42;

      Қазақстан Республикасының визаларын беру үшін қабылдаушы тараптың шақыруын қабылдау және келісу-90;

      Шығу визаларын ұзарту және беру-274.

      Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Тағы да оқыңыз: