Kyzylorda-news.kz. Төтенше жағдай кезіндегі 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемді енді eGov порталында электронды қолтаңбасыз-ақ, SMS-пен авторизациялау арқылы алуға болады.

Қызмет түрін қолдану үшін eGov парақшасындағы «Төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге төлеу» қызметін таңдайсыз.

Cосын бірреттік құпиясөзді таңдап, ЖСН мен телефон нөмірін жазу қажет.

Содан хабарламадағы сандарды жазып, келісемін және әрі қарай деген функцияны таңдау керек.

Электронды өтінішті толтырған соң сізге қатысты мәліметтің барлығы және өтініштің нөмірі шығады. Өтініштің қаралып жатқаны да көрсетіледі. Статусты өзіңіздің жеке кабинетіңізде тексере аласыз.

Жүйеде сіздің мәліметтер базасында тіркелмегеніңізді көрсетсе, сізге көрсетілген сілтемеге өту керек болады. Міндетті түрде тіркелу керек. Әйтпесе жүйе төлемді нақты сіз алатынын білмейді.

Базада тіркелу үшін сіз ХҚКО қызметкерімен видеобайланыс арқылы сөйлесесіз. Сосын бірреттік құпиясөзді тересіз. Азаматтарды базаға тіркейтін 500-ге жуық ХҚКО қызметкері байланыста болады.

Тағы да оқыңыз: