Kyzylorda-news.kz. Халыққа қызмет көрсету орталығының #oqy&toqy айдарында, көп балалы отбасыға берілетін жәрдемақыны қалай рәсімдеуге болатыны айтылды.

Аталған жәрдемақы тек ХҚО арқылы рәсімделеді:

  • Тұрғылықты мекен жайыңызға қарасты ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз;
  • Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз;
  • Операторға төмендегі құжаттарды өткізу арқылы жәрдемақыға өтініш жазыңыз:
  • Жеке куәлік;
  • Балалардың құжаттары;
  • Банктік есепшот жөніндегі анықтама.

Ескерту: 18 жасқа толған балалары бар отбасыларға жәрдемақы, бала жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып жатса және ол 23 жасқа толғанша оқуынан анықтама өткізсе ғана төленеді.

Төлем мөлшері:

4 бала үшін – 16,03 АЕК (44 531 тг);
5 бала үшін – 20,04 АЕК (55 671 тг);
6 бала үшін – 24,05 АЕК (66 810 тг);
7 немесе одан да көп бала үшін – 28,06 АЕК (77 950 тг).

Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 8 жұмыс күні.

Тағы да оқыңыз: