Көлікті сенімхат арқылы сатса, салықты кім төлейді? – Kyzylorda News
Басты бет

Көлікті сенімхат арқылы сатса, салықты кім төлейді?

06.12.2019, 15:20

758 0

Kyzylorda-news.kz. Көлік құралының иесі көлігін  сенімхат негізінде басқа адамға сатса,  жаңа иеленуші бұл көлік құралын өз атына тіркеген сәтке дейін салықты төлеу жөніндегі барлық міндеттер  мен жауапкершілік бұрынғы меншік иесінде   сақталады.

Сенімхат және сатып алу-сату шарты екі түрлі ұғымдар. ҚР Азаматтық кодексінің  167-бабының 1-тармағына сәйкес, бір адамның (сенім білдірушінің) атынан өкілдік ету үшін басқа адамға (сенім білдірілген адамға) берілетін жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады» делінген.

Ал,   ҚР АК  235-бабының 2-тармағына сәйкес, меншiк иесi бар мүлiкке меншiк құқығына басқа адам сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлiктi иелiктен айыру туралы өзге мәмiленiң негiзiнде ие болуы мүмкiн.

Осылайша, меншік иесі сенімхат бойынша сатылған көлік құралынан салық салу объектісі  бойынша салық міндеттемелерін  орындаудан босатылмайды.

Айта кетейік, 31 желтоқсанда 2019 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі аяқталады.

0

Пікір қалдыру