Көлік ішінен әмиян ұрлаған қызылордалық ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Көлік ішінен әмиян ұрлаған қызылордалық ұсталды

27.01.2021, 16:00

745 0

Kyzylorda-news.kz.  Қызылордалықтың көлік жуу орталығына қойып кеткен «Lexus-570» автокөлігінен 137 000 теңге жоғалған.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысты 32 жастағы азаматша анықталып, ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігіне (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

0

Пікір қалдыру