Kyzylorda-news.kz. Апта басында Әбділдә Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасында ортағасырлық ақын, сопылық–мистикалық әдебиеттің көрнекті өкілі, Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл толуына орай, «Қожа Ахмет Яссауидің рухани мұрасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақ халқының мәдениет тарихында ерекше орын алатын ұлы ойшыл, сопы ілімінің пірі – Қожа Ахмет Яссауидің мол мұрасын оқырмандарға насихаттау мақсатында өткізілген көрмеге жас буын өкілдері қатысты.

Көрмеде жас оқырмандар Қожа Ахмет Яссауидің адамды биік парасатқа, адамгершілік пен таза сүйіспеншілікке жетелейтін хикметтері берілген «Диуани хикмет» кітабы, «Отбасы хрестоматиясымен» жарық көрген Иассауидің хикметтері экзистенциялық тұрғыдан талданған С.Керімбайдың «Яссауи феномені», Ә.Дербісәлінің «Қазақ даласының жұлдыздары», «Қазақ мәдениетінің ұлы қайраткерлері. IX-XIX ғасыр Ғұламалар тағылымы», «Қожа Ахмет Яссауи: Ғасырлар шыңынан шашылған нұр», «Қожа Ахмет Яссауи: «Хикметтер» атты кітаптары мен баспасөз беттерінде жарияланған материалдармен танысты. 

Рухани шарада оқушылар ғұлама туралы өздерін қызықтырған ақпаратпен танысып, тағылымы мол дүниеге қанықты. 

Тағы да оқыңыз: