Kyzylorda-news.kz.Тұрғындар үшін басты қажеттіліктің бірі болғандықтан азық-түлік өнімдерінің бағасы өзектілігін жойған емес. Алайда аграрлық аймақ саналатын Сырда күріш бағасының қымбаттауына не себеп?

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониториг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті әлеуметтік маңызы зор азық-түлік түрлеріне мониторинг жасады. Мониторинг барысында басты назар өңірде өндірілетін азық-түліктің өзіндік құнына аударылды.

Бүгінде Қазақстан Республикасы Қаржылық мониториг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің талдау тобы күріш өндіретін ең ірі тоғыз кәсіпорынның баға белгілеу жұмыстарына талдау жүргізді. Оның нәтижесіне сәйкес, Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық өкілдігі күріш өндіретін алты компанияның бағаны көтеруі қаншалықты негізді екендігін білу үшін тексеру тағайындады.

Өзге кәсіпорындар өңірдің әлеуметтік дүкендерінде саудалау үшін облыстың Тұрақтандыру қорына арналған күріштің келісін 420-дан 350-ге дейін түсіруге келісті.

Қазіргі таңда әлеуметтік дүкендерде күріштің килограмын 350 теңгеден аспайтын бағада саудалау жұмыстары жергілікті органдар мен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік коропорациясы арасында қарастырылып жатыр.

Тағы да оқыңыз: